Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аида Балаева жұмыс сапары барысында Шымкенттің туристік инфрақұрылымымен танысты

Аида Балаева жұмыс сапары барысында Шымкенттің туристік инфрақұрылымымен танысты
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында шаһардың туристік әлеуетін саралап, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вице-премьер сапар барысында Шымкент цитаделіне барып, музей экспозицияларын аралады және тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ этноауылда болып, мұндай нысандарды архаикаға бой алдырмай, заманауи, креативті әрі инновациялық форматта дамыту қажеттігін айтты.

Қалалық мәдениет, гастрономия және креативті индустрия салаларындағы бірқатар жобалар таныстырылған Арбат жаяу жүргіншілер аллеясының әлеуетімен танысу барысында Аида Балаева осы аумақта бос жұмыс орындары жөніндегі өзекті ақпарат пен жастарға арналған маусымдық кәсіптік бағдар беру материалдары ұсынылатын жұмыспен қамту орталығын орналастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар креативті ортаны дамытуға, жас таланттарды қолдауға және мәдени мұра мен инновациялық тәсілдер үндескен заманауи қалалық инфрақұрылымды қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады