Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қоғамдық кеңес газ нарығының жай-күйі мен оны ұтымды пайдалану мәселелерін талқылады

Қоғамдық кеңес газ нарығының жай-күйі мен оны ұтымды пайдалану мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Жақып Хайрушевтің төрағалығымен Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Іс-шараға Вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев, кеңес мүшелері және бейінді департамент басшылары қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Талқылаудың негізгі тақырыбы мұнай өнімдерінің ішкі нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және газ саласын дамыту бойынша кешенді шаралар болды. Күн тәртібі аясында қатысушылар жанар-жағармай нарығындағы ағымдағы жағдайды егжей-тегжейлі қарастырып, баға белгілеу мен өңірлерді отынмен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сұйытылған мұнай газы нарығының жұмыс істеуі талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері халықтың қажеттіліктері мен автокөлік үшін газ көлемдерін бөлуде ұзақ мерзімді жоспарлау мен нақты бақылаудың қажеттілігін атап өтті.

Сарапшылар еліміздің кен орындарындағы табиғи және ілеспе газды ұтымды пайдалану мәселелеріне басымдық берді. Қатысушылар газды әрі қарай қайта өңдеу үшін оны кәдеге жаратудың озық технологияларын ендірудің маңыздылығын алға тартты.

Отырыс қорытындысы бойынша отын нарығының мониторингін күшейтуге және өндіруші секторды технологиялық жаңғыртуды жеделдетуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді