Instagram-да kris_p_brothers_official паблигі Алматыда үйінің ауласында бес адамды атып өлтірген атқышты ұстау сәтін түсіріп алған куәгерлердің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Назар аударыңыз, видеода былапыт сөздер айтылған!
Kris_p_brothers_official мәліметінше, алматылық атқыштың аты - Игорь Дужнов.
Бұрын жылжымайтын мүлік "БанкЦентрКредит" АҚ-тан несие алған кезде кепілге қойылған. Сот кеңсесінің мәліметінше, банк бірнеше жылдан бері Демирчянмен және үшінші тұлғалармен соттасып келеді. Нәтижесінде 2018 жылы үй аукционда Нұрахмет Тұрғановқа 29 миллион теңгеге сатылған. Кейіннен шешімнің күші жойылып, тараптар бастапқы орындарына қайтарылды, кейін сот процестері жалғасты.
2019 жылы банк қайтадан аудандық сотқа шағым түсіріп, жеңілді. Бірақ кейін қалалық сотта шешімнің күші жойылды, ал мүлік қайтадан банктің меншігіне айналды. Осыдан кейін сот орындаушысы екінші рет мүлікті Тұрғановқа берді, ол үйден шығару туралы бұйрық алған.
Биыл ақпанда Демирчян сот орындаушысы Рәпілбек Тәңірбергенов пен үйдің жаңа иесі Нұрахмет Тұрғанов арасындағы келісімге наразылық білдіруге тырысты, бірақ Алатау аудандық сотының судьясы Жанар Әбдірахманова одан бас тартты. Содан кейін олар үйден шығаруға келген. Бесеуі өлді. Бұған соттың еш қатысы жоқ демеңіз", - делінген Instagram-да жарияланған жазбада.
Айта кетейік, 20 қыркүйекте кешке 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты.