Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция туысын таспен ұрып өлтірген ер адамды ұстады

26 жастағы ер адам өз туысын таспен ұрып өлтірген. Отбасылық қайғылы оқиға Жамбыл облысының Талас ауданында орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Талас аудандық полиция бөліміне Қаратау қаласының тұрғыны қоңырау шалып, үйдің ауласында өз күйеуі мен оның туысының төбелесіп жатқанын хабарлаған. Аталмыш жәйттегі ер адам ауыр жарақат алып, аудандық ауруханада көз жұмған. Полицейлер “Кісі өлтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдіктіні “ізін суытпай” ұстады.

– Жәбірленушінің мекенжайына оның 1995 жылы туған туыс інісі бұрын араларында болған араздықтарын шешу үшін келіп, ұрыс көтерген. Нәтижесінде араларындағы дау төбелеске айналып, төбелес барысында күдікті таспен қаруланып, жәбірленушінің басына өлімге алып келген бірнеше ауыр соққылар жасап, оқиға болған жерден бой тасалаған, – деді Жамбыл облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы Әбсамат Бекмұхамбетов.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті алкоголь мен каннабиноидтардың әсерінен мас күйде болған. Ол өз қылмысын толық мойындады.

Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты