Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында сотталғанға тыйым салынған затты жасырын жеткізу әрекеті әшкереленді

Павлодар облысында сотталғанға тыйым салынған затты жасырын жеткізу әрекеті әшкереленді
Фото: polisia.kz

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №46 мекемесінде жедел бөлім қызметкерлері тыйым салынған заттарды сотталғанға жеткізу әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Айлакерлікпен жасалған бұл әрекет қызметкерлердің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында әшкереленді. Сотталғанға жолданған бандерольді жоспарлы тексеру барысында қызметкерлер оның ішін мұқият қарап шықты. Алғаш қарағанда қораптың ішінде кәдімгі шай пакеттері болғандықтан, күмән туғызбаған. Алайда толық тексеру кезінде олардың мүлде басқа нәрсе екені анықталған. Бір реттік шай пакеттерін ашу барысында олардың ішіне SIM-карталар жасырылғаны белгілі болды.

Жіберуші ұсақ пластик бөлшектер шайдың арасында байқалмай кетеді деп үміттенген болуы мүмкін. Дегенмен қызметкерлердің қырағылығының арқасында бұл байланыс құралы сотталғанға жетпей, дер кезінде анықталып, тоқтатылды. Айта кету керек, сотталғандарға ұялы байланыс құралдарын пайдалануға қатаң тыйым салынған. Мұндай шектеулер жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ куәлар мен жәбірленушілерге қысым көрсетудің жолын кесу мақсатында енгізілген. Анықталған барлық SIM-карта тәркіленіп, тиісті түрде құжаттандырылды. Қазіргі уақытта сотталғанға қатысты тәртіптік жауапкершілік мәселесі қарастырылып жатыр.Ал жіберушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

ҚАЖ қызметкерлері мекемелерге телефон, SIM-карта, есірткі заттары немесе спирттік ішімдіктер сияқты тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті – заң бұзушылыққа жататынын ескертеді. Мұндай айла-тәсілдердің барлығы дер кезінде анықталып, кінәлі тұлғалар заң алдында жауап береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі