Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде 50 отбасы баспаналы болды

Семейде 50 отбасы баспаналы болды
Фото: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Семей қаласында осал топтағы азаматтарға, жетім балаларға және көпбалалы отбасыларға пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындарды баспанамен қамту - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынды. Соның ішінде Құнанбай көшесінде орналасқан «Абай елі» заманауи тұрғын үй кешені «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрған азаматтарға бөлу үшін берілді.

Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін қуанышты мезетпен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Жыл басынан бері тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Ақпан айында Семейдегі Ұшақтар кентінде 26 отбасыға пәтер кілті табысталған болатын. Бүгін тағы 50 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізіп, қуанышқа кенеліп отыр. Бұл баспаналар көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік осал топтарға және жетім балаларға беріліп отыр. Әрбір отбасы үшін өз үйінің болуы – үлкен бақыт, үлкен үміттің бастауы. Биыл жыл соңына дейін 327 Семей тұрғыны баспаналы болады. Бүгінгі пәтер тапсыру рәсіміне, тұрғындардың қуанышын бөлісуге «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова арнайы келіп отыр. Алғыс білдіреміз. Осы тұрғын үйді заманауи талаптарға сай, сапалы етіп салған құрылысшыларға рахмет айтамыз. Жаңа баспаналарыңыз құтты болсын», – деді Берік Уәли.

«Абай Елі» заманауи тұрғын үй кешені 14 қабаттан, 219 пәтерден тұрады. Кешеннің басты ерекшелігі – әрбір үйдің өзіндік атауы мен мазмұндық мәні бар. Яғни, тұрғын үйлер қазақтың ұлы тұлғаларының есімімен аталған. Мәселен, кешендегі үйлерге Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты қазақ руханиятының көрнекті өкілдерінің есімдері берілген.

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова баспаналы болған тұрғындарды құттықтады.

«Қазіргі таңда «Отбасы банкінің» облысының филиалында 80 157 салымшы бар. Бұл көрсеткіш өңір тұрғындарының баспана мәселесін тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы шешуге белсенді түрде қатысып отырғанын көрсетіп отыр. Бүгін жаңа пәтер кілттерін алған тұрғындарды шын жүректен құттықтаймын. Жаңа баспаналарыңыз әрдайым шаттық пен қуанышқа толы болсын», – деді ол.

Баспаналы болған тұрғындар ризашылықтарын жеткізді.

«11 жыл бойы үй кезегінде тұрып, баспанамызды асыға күттік. Енді міне, жаңа пәтердің кілтін алып отырмыз. Осындай мүмкіндік жасап, халыққа қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Пәтердің іші кең, жарық. Заманауи үлгіде салынған. Осындай мүмкіндік жасап, халыққа қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз», – деді Семей қаласының тұрғыны Олеся Агапитова.

Былтыр Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында 16 мың шаршы метрді құрайтын 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін ауданы 11 мың шаршы метр болатын 2 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 360 жалдамалы пәтер сатып алынып, «Отбасы банк» арқылы берілетін болады. Сонымен қатар «Абай жастары» бағдарламасы аясында 40 пәтер берілмек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты