Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция Free Fire ойыны арқылы жасалған алаяқтықты әшкереледі

Полиция Free Fire ойыны арқылы жасалған алаяқтықты әшкереледі
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция Free Fire ойыны арқылы жасалған алаяқтықты әшкереледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Онлайн ойын балалар үшін қызық әлем екені сөзсіз. Алайда алаяқтар сол виртуалды кеңістікті өз пайдасына жаратып, сенімге кірудің түрлі айласын тауып жатыр. Осындай алаяқтықтың құрбаны болған тұрғын Жетісай аудандық полиция бөліміне арызданып, банк есепшотынан қаражатының заңсыз шешілгенін хабарлаған. Белгілі болғандай, жәбірленушінің кәмелетке толмаған туысы телефоннан Free Fire ойынын ойнап отырған сәтте оған бейтаныс азамат байланысқа шыққан. Ойын барысында күдікті түрлі уәде беріп, "бонустар" мен "ұтыстарды" алға тартып, жасөспірімнен банк картасының деректері мен телефонға келген SMS-кодты сұрап алған. Соның салдарынан жәбірленушінің есепшотынан 380 мың жымқырылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктіден алаяқтық әрекеттерге пайдаланылған 5 телефон тәркіленді. Киберпол қызметкерлері күдіктінің 60-тан аса жасөспіріммен ойын арқылы байланысқа шығып, олардың 20-дан астамынан ақша алғанын анықтады. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты