Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді

Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.  

Тараптар Қазақстан мен Сербия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және жасанды интеллект, ІТ мен энергетика салаларындағы жаңа ынтымақтастық бағыттарын талқылады. 

– Біз Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз санаймыз. Бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығымызды нығайту үшін көп жұмыс атқардық. Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Сауда қатынастарымыз табысты дамып келеді. Қазақстанда 60-тан аса сербиялық компания жемісті еңбек етіп жатыр. Негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік әрі тиімді іргетасы қаланды деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз достық қарым-қатынасымызға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды екеніне сенімдімін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


– Қазақстанға ресми сапармен келгеніме қуаныштымын. Қонақжайлық танытқаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің пікіріңізбен толық келісемін, елдеріміз арасында шынайы стратегиялық қарым-қатынас орнаған. Сіздің қолдауыңыздың арқасында сауда-экономикалық байланыстарымыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Алдағы уақытта жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен энергетика салаларында ықпалдастық орнату арқылы достығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Сізді жақын арада елімізде қарсы алуға дайынбыз, - деді Александр Вучич. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты