Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылуда

Павлодарда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылуда
Фото: polisia.kz

Павлодарда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жауапқа тартылуда, – деп хабарлайды  kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жылдамдық режимін сақтау — бұл жай ғана ұсыныс емес, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды талабы.

— Барлық ескертулер мен тиісті шараларға қарамастан, кейбір жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды жалғастыруда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар қаласында "Оракул", "Кибер-Шериф", "ZEREK-2", "Мерген" автоматтандырылған бағдарламалық кешендері жұмыс істейді. Жылдың осы кезеңінде ғана жылдамдық режимін бұзудың 10 383 фактісі тіркеліп, жолы кесілді — деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Көрнекі мысалдардың бірі облыс орталығында орын алды. Полиция қызметкерлері Toyota Aristo автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізушінің 21 төленбеген айыппұлы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта жүргізуші барлық айыппұлды толық көлемде төлеп шықты. Полиция жүргізушілерді белгіленген жылдамдық шектеулерін қатаң сақтауға, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өту кезінде, сондай-ақ тұрғын аймақтарда қозғалыс барысында қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады. Бұл мәжбүрлі шаралардың алдын алуға мүмкіндік береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті