Павлодар облысында полиция 44 келі есірткіні жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодарда полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 44 келі есірткі затын жойды. Жою рәсімі арнайы комиссияның қатысуымен, барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, өртеу тәсілі арқылы жүргізілді.
Ведомствода заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл жұмыстары кешенді сипатта жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жедел-іздестіру шараларымен қатар, профилактикаға, халық арасында тыйым салынған заттарға деген теріс көзқарас қалыптастыруға және жастардың заңсыз әрекеттерге тартылуының алдын алуға ерекше көңіл бөлінуде. Полиция өңір тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, бейжай қарамауға шақырады. Есірткінің заңсыз айналымы туралы кез келген ақпарат шешуші рөл атқаруы мүмкін. Құқыққа қарсы әрекеттер туралы "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы, сенім телефонына немесе 102 нөміріне хабарлауға болады. Анонимдікке кепілдік беріледі.