Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті

Қызылордада Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған гала-концерт өтті
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

V Ұлттық құрылтай аясында Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Айналдым сенен, Атамекен» атты гала-концерт өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ақынның жұбайы Жұмагүл Сариева, сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері қатысты.

Кеш барысында ақынның патриоттық және лирикалық әндері орындалды. Атап айтсақ, «Қарағым-ай», «Сәлем саған, туған ел», «Сен мұңыңды бер маған», «Өкінбе сен» және басқа да туындылары шырқалды. Барлық әндерді облыстық симфониялық оркестр мен «Сыр самалы» вокалды-аспапты ансамблі сүйемелдеді.

Шөмішбай Сариев 300-ден астам өлең жазып, 15 кітап шығарған. Ол қазақ әдебиеті тарихында Ираклий Абашидзе, Ольга Берггольц, Андрей Дементьев, Роберт Рождественский, Луиш де Камоэнс және өзге көптеген ақындардың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған дарынды аудармашы ретінде де лайықты бағасын алды.

Гала-концерт өңірдің мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, ақын шығармашылығын көпшілікке насихаттады. Кеш соңында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның және Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың атынан ықылас гүлі табысталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады