Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Coca-Cola-ның жаңажылдық керуені алғаш рет Қонаев қаласына келді

Coca-Cola-ның жаңажылдық керуені алғаш рет Қонаев қаласына келді
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

24 желтоқсан күні әлемге танымал Coca-Cola компаниясының дәстүрлі жаңажылдық керуені Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласына алғаш рет келіп, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арнайы мерекелік нақышта безендірілген Coca-Cola фурасы қалаға кіргеннен кейін Алматы, Сейфуллин, Жамбыл көшелерімен жүріп өтіп, орталық алаңдағы бас жаңажылдық шыршаның маңына тоқтады. Керуеннің жүріп өтуі қала көшелеріне ерекше сән беріп, тұрғындардың көңілін көтерді.

Қонаев қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақерке Жұмағазықызының айтуынша, бұл – қала үшін айрықша оқиға.

«Мұндай Coca-Cola керуені Қонаев қаласына алғаш рет келіп тұр. Қала тұрғындарын осындай қуанышқа, шаттыққа бөлегеніне қуаныштымыз. Керуен Алматы, Сейфуллин, Жамбыл көшелерімен жүріп өтіп, жұртшылыққа әдемі көңіл-күй сыйлады. Осы керуен арқылы жаңа жылдың жақындағанын сезіндік. Барша тұрғынды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Жаңа жыл жаңа табыс, бақыт, береке, молшылық әкелсін»,-деді ол.

Мерекелік шара барысында тұрғындар үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, концерттік қойылымдар мен түрлі қызықты ойындар өтті. Кішкентай көрермендермен қатар, ересектер де ерекше әсер алып, мерекелік атмосфераны бірге сезінгендерін жеткізді.

«Керуенді алғаш рет өз қаламызда көру-үлкен қуаныш. Балаларымызбен бірге келіп, нағыз жаңа жылдық көңіл-күйге бөлендік», осындай шаралар қаламызға ерекше сән береді. Жаңа жылдың жақындағанын дәл бүгін анық сезіндік», – дейді қала тұрғыны.

Айта кетейік, Coca-Cola жаңажылдық керуені-әлемнің көптеген елдерінде жаңа жылдың жақындағанын білдіретін символдық жоба. Биыл бұл ерекше бастама Қонаев қаласының тұрғындарына ұмытылмас әсер сыйлады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті