Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде есірткі притондарымен күрес жалғасуда

Ақтөбеде есірткі притондарымен күрес жалғасуда
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде есірткі притондарымен күрес жалғасуда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе қаласында өтіп жатқан "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер аумақтағы барлық үй-жайларды жаппай аралауда. Шара барысында қоғамдық қауіпсіздікке ғана емес, халықтың денсаулығына кері әсер ететін құқық бұзушылықтарға ден қойылып жатыр. Шара басталғалы полиция көпқабатты үйлердің қабырғаларына жазылған 44 граффитиді анықтап, есірткі затын жарнамалау дерегі бойынша 27 қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда тергеп-тексеру жүріп жатыр. Учаскелік инспекторлар үй аралау барысында маскүнемдер мен нашақорлар жиналатын притондар ұйымдастыруға үй-жайларын берген 2 пәтер иесін анықтап, оларға қылмыстық іс қозғалды. Притондарда жиналып, есірткі затын қолданған 12 нашақор мәжбүрлі түрде емдеу мекемесіне жолданды, 139 адам ішкі істер органдарының есебіне қойылды. Сондай-ақ, "Учаске" ЖПІШ барысында пәтер ішінде немесе үй жайларда есірткі затын қолданған 224 адам әкімшілік жазаға тартылды. Естеріңізге салай кетейік, "Учаске" іс-шарасы Ақтөбе қаласының аумағында 1 қыркүйектен бері жалғасып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады