Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Стоматологиядағы бала өліміне қатысты сарапшы пікір білдірді

Стоматологиядағы бала өліміне қатысты сарапшы пікір білдірді
Фото: Zakon.kz

2025 жылдың 5 желтоқсанында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жеке стоматологиялық клиникадағы үш жастағы қыздың өліміне қатысты анестезиологтың ісі бойынша сот отырысы жалғасты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Педиатрия бойынша тәуелсіз сарапшы Бахыт Мусина сотта өз қорытындысын баяндап, анестезиолог баланы наркоз алдында 24 сағат бұрын тексермегенін, тек келесі күні ғана көргенін айтты.

"Дәрігер Жұмағұлова талдауларды қарап, бәрі нормада болды деп мәлімдейді. Наркозға ауызша рұқсат берілген. Тәуліктің ішінде талдауларды қарап, таңертең баланы анестезиологиялық көмекке жібермеуге болатын еді. Шын мәнінде, пациентті қарамағансыз, талдауды қарапсыз, бірақ еш патология көрмегенсіз. Ал мен бұл талдауда тромбоциттер – 600, яғни нормадан 200% жоғары. Бұл бір аптадан ұзақ жүріп жатқан септикалық процеске ұқсайды", – деді сарапшы.

Оның айтуынша, балада 18 қазаннан бастап ылғалды жөтел болған.

"Баланың жағдайы қанағаттанарлық сияқты көрінгенімен, тіс ауруынан басқа шағым болмағанымен, сізге келген кезде оның ағзасында іріңді-қабыну процесі жүріп жатқан. Жедел вирустық инфекцияның белгілері сақталған, лимфоцитоз бар, осының фонында іріңді процесс дамыған. Демек бала жақында вирус жұқтырған. Сонымен қатар балада созылмалы темір тапшылығы, яғни анемия бар. Тіс ауруы мен стоматологиялық қабыну оған қосымша ауыртпалық болған", – деді Мусина.

Сарапшы баланың салмағы жасына сай төмен болғанын, бұл иммундық жүйеге де, жалпы жасушалық дамуға да әсер еткенін атап өтті.

"Баладағы масса тапшылығы – бұрынғы терминмен айтқанда дистрофияға жақын жағдай. Бұл тек май тінінің жетіспеушілігі емес, иммундық жасушалардың, қан жасушаларының, сүйек тінінің де жеткіліксіздігі. Тіс эмалінің тез бұзылғаны да осыдан", – деді ол.

Сарапшы ата-ананың да дәрігерге уақытында жүгінбеуі жағдайды ушықтырғанын айтты.

"30 сәуірде стоматолог балаға "бірнеше тістің кариесі" диагнозын қойып, анализдер мен анестетикке аллергиялық сынамаға жолдама берген. Мамыр айының ішінде тістерді емдеп, лак жағу керек еді. Бірақ мамырдан қыркүйекке дейін – бес ай бойы процесс тереңдей берген", – деп түсіндірді Мусина.

Бала бұған дейін қызылша, ауыр пневмония және ұзаққа созылған әлсіздік жағдайын да өткерген.

Сарапшының сөзінше, балада қызу мен жөтел болған кезде де дәрігерге қаралмаған.

"Осындай талдаулармен педиатрсыз қалай баланы қабылдағансыз? Процедура күні таңертең бәрін тоқтату қажет еді. Бұл ұсыныс емес — міндет. Егер балада шыдатпайтын ауырсыну болса, оны қалдыруға болмайды, бұл үлкен стресс. Бірақ стоматолог қай тіс жедел көмекті қажет ететінін анықтап, тек соларға қысқа мерзімді көмек көрсетуі тиіс еді. Қалған кариеспен үш күн де, бір апта да күтуге болады. Сол уақыт ішінде рентген жасап, антибиотик тағайындауға болады", – деді сарапшы.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 30 қазанда болды. Бүлдіршін тісін наркозбен емдеткеннен кейін қайтып оянбаған. Қазір іс сотта қаралуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті