Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алуларда ҚҚС қалай есептеледі?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алуларда ҚҚС қалай есептеледі?
Фото: gov.kz

Келер жылдан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Бұл орайда ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуды жоспарлап, орындау кезінде қосылған құн салығын есепке алудың тәртібін түсіндіруді орынды деп санайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап. 

2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарлары бекітілген бюджеттер мен жеке қаржыландыру жоспарлары негізінде қалыптастырылады. МСА жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жылдық жоспар алдын ала жылдық жоспар мен аванс сомасын қоса алғанда, ҚҚС есебінсіз жасалады.

Осы ретте ҚҚС мен акциздерді төлеу шарттары жоспардан тыс тікелей сатып алу рәсімінің қорытындылары бойынша жасалатын келісімшартта көрсетілетінін айта кетейік. Бұл салық және кеден заңнамасының талаптарына сай келеді.

Салық кодексінде қосылған құн салығы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өткізу бойынша жасалатын айналымға есептелетіні, ал айналым жасалған күн ретінде тауарды өткізу күні немесе орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылған күн қабылданатыны белгіленген. 2026 жылдың қаңтар айынан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16% деңгейінде болып, бұл тәртіп бұған дейін жасалған келісімшарттарға да (барлық салық салынатын айналымға) қолданылады.

ҚҚС төлейтін тұлғалар (жеткізушілер) Салық кодексінің талаптарына сәйкес шот-фактураларды ұсынуға міндетті. Егер жеткізуші ҚҚС төлеуші мәртебесін өзгертсе, заңмен мемлекеттік сатып алу келісімшартына түзетулер енгізуге, соның ішінде келісімшарттағы соманы тиісті салық мөлшеріне сай түзетуге рұқсат беріледі. Десе де жеткізілетін тауарлардың сапасы мен жеткізу шарттары өзгеріссіз қалатынын ұмытпаған жөн, - делінген хабарламада.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы қызмет көрсетушінің мәртебесін автоматты түрде ескеріп, келісімшартта ҚҚС сомасын қалыптастырады, сондай-ақ бағаны позициялар бойынша салық салынатын және салынбайтын ҚҚС-қа бөлуді қарастырады.

Демек, келер жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын орындау кезінде, егер де қызмет көрсетуші айналым жасалған сәтте ҚҚС төлеушісі болып саналса, келісімшарт жасалған күнге қарамастан 16% мөлшеріндегі ҚҚС салынады.

Қаржы министрлігінің міндеті – мемлекеттік сатып алу ісінде ҚҚС қолданылуын барлық қатысушыға барынша ашық және түсінікті ету. Осы мақсатта мемлекеттік сатып алу веб-порталы техникалық тұрғыдан пысықтаудан өткізілді. Енді жүйе қызмет ұсынушының ҚҚС төлеушісі екенін автоматты түрде анықтап, келісімшарттағы қорытынды әрі нақты соманы түзетуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл қандай да бір сәйкессіздіктердің алдын алуға, дауды азайтуға және салық заңнамасының бірізді қолданылуын қамтамасыз етуді көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті