Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстаудағы құрылыс алаңында 20 жастағы жұмысшы қаза тапты

Маңғыстаудағы құрылыс алаңында 20 жастағы жұмысшы қаза тапты
Фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 4 қараша күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 20 жастағы жұмысшы ашық тұрған лифт шахтасына алтыншы қабаттан құлап кеткен. Оқиғаның толық деректері 4 желтоқсанда белгілі болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Lada.kz басылымына Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті берген мәліметке сәйкес, оқыс жағдай Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылындағы құрылыстың бірінде орын алған.

Алайда мемлекеттік еңбек инспекциясы бұл туралы бірден хабардар болмаған. Олардың айтуынша, құрылыс компаниясы оқиғаны жасырған, ал инспекция қызметкерлері жағдайды тек полицияның жедел деректерінен білген. Алдын ала болжамға сай, жұмысшы ашық тұрған лифт шахтасына құлап кеткен.

Маңғыстау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек қауіпсіздігі заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Кемаловтың айтуынша, жоғарғы қабатқа әкеле жатқан құмды өрт сөндіру пешіне қажетті әк дайындау үшін көтеріп жатқан. Құм салынған ыдысты еденге түсірген кезде, жұмысшы қауіпсіз жерге шегінбек болған. Сол сәтте ол тепе-теңдігін жоғалтып, лифт шахтасына құлап кеткен.

Ведомство мәліметінше, жедел жәрдем оқиға орнына 20–30 минут ішінде жеткен. Бірақ дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, жас жұмысшы көз жұмды.

Қазір оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Мамандар оқиғаның мән-жайын, себептерін және еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылу фактілерін анықтап жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті