Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» атты пилоттық жоба енгізілуде

Қызылорда облысында «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» атты пилоттық жоба енгізілуде
Фото: primeminister.kz

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев «Әкімнің цифрлық жұмыс орны» пилоттық жобасының жүзеге асырылуымен танысты. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан іске қосылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Әкімнің цифрлық жұмыс орны» жүйесі әлеуметтік-демографиялық өзекті деректер мен әрбір үй шаруашылығына қатысты ақпаратқа нақты уақыт режімінде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Платформа әкімдерге біріктірілген деректер негізінде жедел басқарушылық шешімдер қабылдауға жол ашады, ақпараттың шашыраңқылығын азайтып, әкімшілік жүктемені төмендетеді.

Бүгінде жоба ел бойынша 34-тен астам ауылдық округте іске қосылып, әлеуметтік қолдау шараларының нақтылығын арттыруға, ашықтықты күшейтуге және қолмен жинақталатын есептерден аналитикалық басқару форматына көшуге мүмкіндік беріп отыр. Модуль «Цифрлық отбасы картасы» инфрақұрылымы негізінде жасалған және 30-дан астам мемлекеттік ақпараттық жүйемен ықпалдастырылған. Бұл әкімдерге халық, үй шаруашылықтары, қолдау шаралары, табыс, тұрғын үй және әлеуметтік осал топтар бойынша бірыңғай және нақты деректер көзіне қол жеткізуге жағдай жасайды.

Алдағы кезеңде жүйе жаңа мәліметтік блоктармен толықтырылмақ. Олардың қатарында салық деректері, субсидиялар мен әскери есепке алынғандар туралы ақпарат бар. Қазақстандағы барлық ауылдық округтерді жүйеге қосу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті