Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада шорт-тректен «Astana Open» бәсекесінің үздіктері анықталды

Елордада шорт-тректен «Astana Open» бәсекесінің үздіктері анықталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Шорт-тректен 2-3 желтоқсан күндері аралығында «Алау» мұз сарайында Астана қаласының ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жатқан бәсекеде 9-15 жас аралығындағы спортшылар жүлдеге таласты.

Сайысқа Астана қаласынан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Қостанай облысы, Ақмола облысының өрендері де келді.

2 күнге жалғасқан турнирде жас ерекшелігіне байланысты қатысушылар 222, 333, 500, 777 метр қашықтықта жеңімпаздарды анықтады.

«Astana Open» жарысының қорытындысы бойынша, Астана қаласының құрамы жасақталып, жүлдегерлер медальмен, арнайы кубокпен марапатталды.

Айта кетейік, шорт-тректен астаналық спортшылар республикалық деңгейде көшбасшылардың қатарына кіреді. Ересектер арасында Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова сынды отандастарымыз қысқы Олимпиада ойындарына тұрақты қатысып жүрсе, жасөспірімдер арасында Богдан Вехов сынды жас таланттарымыз Әлем Кубогы кезеңдерінде үнемі жүлдегерлердің қатарына кіріп жүр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді