Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Қазақстанда қыз алып қашуға қатысты жаза күшейтілді

ІІМ: Қазақстанда қыз алып қашуға қатысты жаза күшейтілді
Фото: Polisia.kz

16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бабы "Неке қиюға мәжбүрлеу" енгізілді. Бұл норма адамды оның еркінен тыс некеге тұрғызу немесе бірге тұру мақсатында ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Енді мұндай әрекеттер ауыр қылмыс ретінде сараланады және кінәлілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал ауыр жағдайларда жаза 10 жылға дейін ұлғаяды. Бұрын жәбірленушіні өз еркімен жіберген жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін норма алынып тасталды.

Енді жаза жәбірленушіні босатқанына қарамастан тағайындалады. Жаңа өзгерістер күшіне енген сәттен бастап ішкі істер органдарының бөліністері Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында неке қиюға мәжбүрлеу деректері бойынша жеті қылмыстық іс қозғады.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 15 адам ұсталды. Әрбір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмыстардың барлық мән-жайлары анықталуда. Ішкі істер министрлігі азаматтарды зорлық-зомбылық пен некеге мәжбүрлеу жағдайларына бейжай қарамауға шақырады.

Мұндай фактілер туралы ақпаратыңыз болса, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз. Министрлік қыз алып қашу фактілерінің алдын алу және әйелдерді зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеудің кез келген түрінен қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады