Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда есірткі жарнамасымен айналысқан ер адам ұсталды

Алматыда есірткі жарнамасымен айналысқан ер адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда есірткі жарнамасымен айналысқан ер адам ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласының Әуезов ауданында патрульдік полиция қызметкерлері ғимарат қабырғаларына есірткі жарнамасын салды деген күдікпен 35 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған кезде ер адам есірткілік масаң күйде болған, бұл дерек медициналық куәландыру арқылы расталды. Есірткі заттарын жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

- Есірткі жарнамасын орналастыру — бұл әзіл немесе ұсақ құқық бұзушылық емес, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған ауыр құқық бұзушылық. Мұндай әрекеттер үшін заңмен қатаң жаза көзделген. Полиция осындай құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Азаматтарды жауапкершілік танытып, есірткі жарнамасы бар жазулар туралы дереу полицияға хабарлауға шақырамыз, — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті