Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа Салық кодексі бизнеске әкімшілік жүктемені азайтады

Жаңа Салық кодексі бизнеске әкімшілік жүктемені азайтады
Фото: primeminister.kz

Арнайы салық режимімен жұмыс істеуге мүмкіндік алатын, сондай-ақ бұл жеңілдік берілмейтін кәсіпкерлік қызмет түрлерінің алдын ала тізімі аптаның соңына дейін «Ашық НҚА» порталында жарияланады. Алдын ала бағалаулар бойынша жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі елдегі барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ына қолданылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанадағы жаңа Салық кодексін түсіндіру жөніндегі семинарда мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серік Жұманғарин айтқандай, оңайлатылған режиммен жеке тұлғаларға бөлшек сауда қызметін көрсететін кәсіпкерлер ғана жұмыс істей алады. Заңды тұлғалармен жұмыс істейтін компаниялар толыққанды бухгалтерлік есеп пен шегерім қолданылуы қажет жалпы салық салу режимімен жұмыс істейді.

«“Тыйым салу” деп аталатын тізімге бизнеске арналған тауар өндіріп, қызмет көрсететін сала кіреді. Бұл саладағы жиынтық айналымның 76%-дан астамы жалпыға бірдей режимді қолданатын салық төлеушілермен жасалатын мәмілеге жатады», — деді Серік Жұманғарин.

Бұл өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және жер қойнауын пайдалану, табиғи монополиялар, 2 мың шаршы метрден асатын алаңдардағы көтерме және ірі бөлшек сауда кәсіпорындары. Шектеу телекоммуникация, интернет және IT, қаржылық және сақтандыру қызметі, консалтинг, кәсіби және агенттік, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер секторына қолданылады.

Атап өтілгендей, жекелеген секторларда мұндай операциялардың үлесі іс жүзінде 100%-ға жетеді: құрылыста – 99,9%, жер қойнауын пайдалануда – 98,7%, көлік пен қоймада – 96,7%. Бұл сандар бүгінде жеңілдетілген режимнің едәуір бөлігін шағын бизнес емес, экономиканың үлкен сегментіне біріктірілген ірі компаниялар қолданатындығын айқын көрсетеді.

«Жалпы алғанда, сөз экономикалық қызметтің 700-ден астам түрі туралы болып отыр. Бұл барлық ЭҚЖЖ-нің шамамен 70%-ы. Алайда, салық төлеушілер тұрғысынан алсақ, жеңілдетілген режимге тыйым салу кәсіпорындардың шамамен 30%-на ғана әсер етеді», — деді ол.

Жеңілдетілген салық режимі сақталатын екінші топта бизнестің 300-ден астам түрі бар. Олардың қатарында 2 мың шаршы метрге дейінгі сауда алаңдарындағы бөлшек сауда, дәріханалар, қоғамдық тамақтану нысандары, қонақ үйлер, тұрғын үй мен көлікті жалға алу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, жолаушылар тасымалы, балабақшалар мен үйірмелер, медициналық және әлеуметтік қызметтер бар. Тізімге халыққа қажет тұрмыстық және құрылыс қызметі, креативті индустрияның жекелеген түрлері, мәдени және спорттық нысандар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кіреді.

Осылайша, алдын ала бағалаулар бойынша жеңілдетілген режимді қолдану барлық салық төлеушілердің шамамен 70%-ы үшін сақталады. Бұл дегеніміз, тұрғындарға бағдарланған шағын бизнестің негізгі бөлігі жеңілдетілген салық режимін пайдалануды жалғастырады дегенді білдіреді. Ал ірі және жүйелік қызмет жалпы белгіленген режимге ауысады.

«Тізімдердің жобасы әлі де әзірленуде. Алдын ала тізімді "Ашық НҚА" порталында орналастыруды жоспарлап отырмыз. Ол жарияланғаннан кейін бизнеспен және сарапшылармен талқылау жалғасады», — деді вице-премьер.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, жаңа Салық кодексіндегі маңызды өзгеріс банктік шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту. Оның орнына кәсіпкерлерге өздерінің шаруашылық қызметіне нұқсан келтірместен кемшіліктерді уақтылы жоюға мүмкіндік беретін алдын ала камералдық тексеру форматы енгізілуде. Салықтық әкімшілендіруді цифрландыруға ерекше назар аударылды. Реформа шеңберінде салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу көзделіп отыр. Мұндағы басты басымдық тек бақылау шарасын қолдану емес, бизнесті қолдау және кеңес беру.

«Қарастырылған өзгерістер кәсіпкерлердің жұмысын едәуір жеңілдетеді. Салық есептілігін азайту және салықты азайту бизнеске қағазбастылыққа емес, дамуға назар аударуға мүмкіндік береді. Шоттарды автоматты түрде бұғаттаудан бас тарту – бұл әділ және ашық қарым-қатынасқа қарай жасалған маңызды қадам. Онда мемлекет компаниялардың жұмысын тоқтатудың орнына мәселені шешуге көмектеседі. Мұндай шаралар мемлекет пен кәсіпкер арасындағы диалогты нығайтып, қолайлы инвестициялық ахуал туғызады», — деп атап өтті Мәди Такиев.

Басқа да өзгерістер қатарында сараланған салық ставкаларын, прогрессивті ЖТС ставкаларын, сән-салтанат салығын және арнайы салық режиміндегі өзгерістерді енгізу бар. Азаматтарға арналған жаңа Салық кодексіне сәйкес зейнетақы төлемі ЖТС-тен босатылып, 10 жылдан асқан автокөлік үшін көлік салығы төмендетіледі. Мүгедектігі бар адамдар үшін салық шегерімдері кеңейтіліп, әлеуметтік маңызы бар медициналық қызметке ҚҚС бойынша жеңілдік көзделген. Бизнес үшін арнайы салық режимі оңтайландырылды. Енді тек үшеу ғана қалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізіндегі шағын бизнес өкілдері үшін және фермерлер үшін. Бұл ретте ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 70 млн теңгеден 40 млн теңгеге дейін төмендейді. Бұл салық төлеушілер шеңберін кеңейтеді. Өз кезегінде, «Атамекен» ҰКП төрағасы Райымбек Баталов бизнес пен мемлекеттік сектор арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын және салмақты шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.

«Біз кәсіпкерлермен және уәкілетті органдармен пікір алмасамыз. Мәселенің бір бөлігі ішкі нормативтік құжатпен реттеледі. Егер тәжірибе Салық кодексіндегі кейбір тармақтың есепке алынбағанын және оның бизнеске теріс әсер ететінін көрсетсе, онда ҰКП Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірге НҚА-ға қажетті түзетулерді жедел енгізе алады», — деді ол.

Бірінші тамызда Қазақстанның барлық өңірлерінде жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша басталған семинарлар сериясы Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика Серік Жұманғариннің, қаржы министрі Мәди Такиевтің, Мемлекеттік кірістер комитеті мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен өткен қорытынды іс-шарамен аяқталды. 

Семинар онлайн режимде, еліміздің барлық 20 өңірінде МКК өңірлік бөлімшелерін қосу арқылы көрсетілді. Семинарға қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақты офлайн және онлайн режимінде қойып, толық жауап алды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті