Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
Фото: pixabay.com

Алдағы күндері республиканың оңтүстік өңірлерінен басқа аумақтарында күзгі, салқын әрі жаңбырлы ауа райы күтіледі. Бұған солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронт аймақтары ықпал етеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

11 қыркүйекте солтүстікте, 11–12 қыркүйекте шығыста, 11–13 қыркүйекте Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауады, солтүстік пен шығыста бұршақ пен дауылды жел болуы мүмкін. Кезеңнің соңында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы Жоңғар циклонының ықпалында болып, жаңбырмен қатар аталған өңірлерде ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы күтіледі.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта – тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады.

Көптеген өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С;

  • Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+20°С;

  • Солтүстікте түнде +1…+7°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+16°С;

  • Орталықта түнде +1…+10°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +10…+20°С;

  • Шығыста түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С дейін жылынады;

  • Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз температура +23…+33°С-тен +25…+35°С аралығында ауытқиды;

  • Оңтүстік-шығыста түнде +12…+17°С, таулы аудандарда +2…+7°С, күндіз +24…+32°С; таулы аудандарда түнде 0…+5°С, күндіз +8…+15°С.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады