Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ипотекалық займдар бойынша жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемені төмендету нормасы 1 қарашаға дейін тоқтатылды

Ипотекалық займдар бойынша жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемені төмендету нормасы 1 қарашаға дейін тоқтатылды
Фото: pixabay.com

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және ҚР Ұлттық банкі "Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мәндерін айқындау туралы" бірлескен қаулының құрылымдық элементінің әрекетін тоқтата тұру жөнінде бірлескен қаулы қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Екінші деңгейлі банктердің автоматтандырылған банк жүйелерін бейімдеуіне қосымша уақыт беру, сондай-ақ азаматтардың ЖТСМ-нің шекті мәнін төмендету нормасы күшіне енгенге дейін мақұлданған ипотекалық тұрғын үй займдарын алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша ЖТСМ-ді 25%-дан 20%-ға дейін төмендету нормасы 2025 жылғы 1 қарашаға дейін тоқтатыла тұратын болды.

Тоқтата тұру кезеңінде ЖТСМ-нің келесі шекті мәндері белгіленді:

  • екінші деңгейлі банктер және жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар беретін банктік займдар бойынша:
  • қамтамасыз етілмеген банктік займдар – 46%;
  • қамтамасыз етілген банктік займдар – 35%;
  • ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша – 25%.
Микрокредиттер бойынша:
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін – 46%;
  • микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін, мерзімі 45 күнтізбелік күнге дейін және мөлшері 45 АЕК-тен аспайтын микрокредиттер бойынша – күніне 0,3%-дан төмен, бірақ жылына 179%-дан аспайды.

Еске салайық, маусым айының басында Қазақстанда ипотекалық тұрғын үй займдары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейі 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілген болатын. Алайда бірнеше күннен кейін қаржы реттеушілері бұл көрсеткішті бұрынғы деңгейге қайтаруды ұсынды және 20 тамызда аталған шешім нормативтік түрде бекітілді.

Бірлескен қаулы 4 қыркүйектен бастап күшіне енді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті