Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Астана Аренада» өтетін Jennifer Lopez концерті кезінде қозғалыс уақытша шектеледі

«Астана Аренада» өтетін Jennifer Lopez концерті кезінде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: pixabay.com

1 тамыз күні елордадағы «Астана Арена» стадионында әлемге әйгілі америкалық әнші Jennifer Lopez өзінің «Up All Night» атты әлемдік туры аясында өнер көрсетеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауқымды концерттің өтуіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонақтардың ыңғайлы келіп-кетуі мен қозғалысын ұйымдастыру мақсатында «Астана Арена» стадионы маңындағы «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Көлікті келесі орындарға қоюға болады: «Алау» мұз сарайы, «Барыс Арена» мұз айдыны, «Сарыарқа» велотрегі, Ботаникалық бақ (Бұқар жырау және Орынбор көшелері жағынан), Керей мен Жәнібек хандар көшесі және басқа да тұрақ орындары.Jennifer Lopez концертіне келушілердің ыңғайлығы үшін қала бойынша бес орыннан «Астана Арена» стадионына және кері бағытта қатынайтын арнайы шаттл-автобустар қатынайды:Астаналық цирк тұрағы; «Әзірет Сұлтан» мешітінің тұрағы;«QAZAQSTAN» спорт кешенінің тұрағы;Тұран даңғылы жағынан Орталық саябақтың тұрағы;«Бас мешіт» тұрағы.Шаттл-бастар концерт басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін екі бағытта қатынайды. Кептелістер мен тұрақ мәселесіне тап болмас үшін фестиваль көрермендері қоғамдық көлікпен қатынағаны жөн.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті