Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр John Deere компаниясы өкілдерімен кездесу өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр John Deere компаниясы өкілдерімен кездесу өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ТМД елдері мен John Deere компаниясының Орталық Азия бойынша президенті Чаба Лейкомен кездесті. Кездесу барысында локализациялау бағдарламасы, сервистік қызметті дамыту, жұмыс орындарын ашу, қазақстандық инженерлерді оқыту, сондай-ақ Қазақстанның техника мен қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша ТМД елдеріне арналған орталық логистика хабына айналу мүмкіндігі талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба Қостанай қаласындағы Локализация орталығы базасында жүзеге асырылуда. Оның аясында өндіріс және қызмет көрсету салаларында 350 жаңа білікті жұмыс орнын ашу көзделген. Инвестиция көлемі шамамен 25 млрд теңгені құрайды. Қазақстандағы ресми дистрибьютор Eurasia Group үш сервистік орталық салуды және дәлме-дәл егіншілік, GPS-навигация, фермерлік шаруашылықтар мен сервистік орталықтарда автоматтандырылған басқару жүйелері сияқты озық технологияларды енгізуді жоспарлап отыр.

Кездесу барысында Роман Скляр жаңа өндірістің іске қосылуы отандық машина жасау саласының дамуы мен ауыл шаруашылығы секторына заманауи технологияларды енгізудегі маңызды қадам екенін атап өтті. John Deere — ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. Қазақстанда оның өнімдерін локализациялау саланың дамуына серпін беретін маңызды кезеңі болады.  

John Deere брендімен шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасы Қазақстан нарығында өзін бұрыннан сенімді жағынан танытып үлгерді және бірнеше жыл бойы отандық фермерлер арасында үлкен сұранысқа ие болуда. Соңғы жылдары елімізде агроөнеркәсіптік кешенді индустрияландыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіліп, заманауи өндірістерді дамытуға қажетті жағдайлар жасалды. Осыған байланысты John Deere Қазақстан нарығына жаңа мәртебеге ие болды, өз позициясын нығайтып, ауыл шаруашылығына арналған тиімді инновациялық шешімдер ұсынуда.

John Deere өндірісін локализациялау Үкіметтің ауылшаруашылық техникасы паркін жаңарту бойынша шараларын нығайтатынын атап өткен жөн. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты