Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда тұрғындардың атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды

Оралда тұрғындардың атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Оралда тұрғындардың атына онлайн несие рәсімдеген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Орал қаласында Абай полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың атына онлайн микронесиелер рәсімдеген ер адамды құрықтады. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті "қоңырау шалып алайын" деген желеумен таныстары мен бейтаныс жандардан ұялы телефондарын уақытша сұрап алып отырған. Алайда ол бұл құрылғыларды пайдаланып, түрлі микрокредиттік ұйымдардың қосымшалары арқылы жәбірленушілердің атына онлайн несие рәсімдеген. Кейін алынған қаржыны өз шоттарына аударып отырған. Қазіргі таңда аталған алаяқтық фактісі бойынша алты эпизодқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жалпы келтірілген материалдық шығын көлемі 300 мың теңгеден асады. Осыған байланысты полиция азаматтарға сақ болуды ескертеді. Бөгде адамдарға жеке телефон мен жеке деректерді бермеуге, сондай-ақ күмән тудыратын кез келген жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты