Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстаулық жастарға 2000 нысаналы грант бөлінді

Маңғыстаулық жастарға 2000 нысаналы грант бөлінді
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл Маңғыстау облысының жастарына 2000 нысаналы білім беру гранты бөлінді. Осыған орай Ш.Есенов атындағы университетте академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті, Қарағанды индустриялық университеті және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің өкілдері келіп, талапкерлер мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

-Аталған үш жоғары оқу орнында 300-ден астам мамандық бойынша кадр даярланады. Онда 900-ге жуық ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен PhD докторлар қызмет атқарады. Осындай ғылыми-академиялық әлеуетті Маңғыстау жастарына ұсынып отырмыз. Түсіндіру жұмыстарына 20-ға жуық университет өкілі тартылып, нысаналы гранттардың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін түсіндіруде. Жастардың қызығушылығының жоғарлығы бізді қуантып отыр, деді академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры Сәуле Сағынтаева нысаналы гранттар жайлы ақпарат беріп өтті.

-Нысаналы гранттар - өңірлік қажеттілікке қарай бөлінетін, жастарға үлкен мүмкіндік беретін арнайы мемлекеттік қолдау тетігі. Бұл гранттар арқылы біз өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуды көздейміз. Маңғыстау облысына бөлініп отырған 2000 грант - осы бастаманың айқын дәлелі. Біздің университет техникалық мамандықтарға басымдық беріп, өңірге қажетті инженерлік, IT, құрылыс, энергетика сынды бағыттарда сапалы маман даярлауға дайын, - деді Сәуле Сағынтаева.

Түсіндіру жұмыстары Ш.Есенов атындағы университетте өтуде. Ата-аналар мен талапкерлер аталған алаңнан барлық қажетті ақпаратты ала алады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті