Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бишімбаевтың інісі рақымшылық жасау туралы өтініш берді

Бишімбаевтың інісі рақымшылық жасау туралы өтініш берді
Фото: Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов амнистия беру туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, Байжанов биылғы 9 шілдеде Степногор аудандық сотына өтініш тапсырған.

"Бақытжан Байжанов амнистия туралы заңға сәйкес жаза мерзімін қысқарту туралы өтініш білдірді. Бұл өтініштің қаралатын күні әлі белгіленген жоқ", – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Еске салайық, Бақытжан Байжанов экс-министр Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты қылмысты жасыру бойынша айыпталып, 2024 жылдың мамырында 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Астана полициясының мәліметінше, Байжанов 2023 жылдың 12 қарашасында қамауға алынған. Сол кезден бастап 2024 жылдың шілдесіне дейін тергеу изоляторында отырды. ҚР заңына сай, тергеу изоляторындағы әрбір күні түзету мекемесіндегі 1,5 күнге теңестіріледі. Егер Байжанов амнистияға іліксе, оның жаза мерзімі шамамен 8 айға қысқаруы мүмкін. Болжам бойынша, ол 2026 жылдың қазанында бостандыққа шығуы ықтимал.

Адвокаттың айтуынша, 2025 жылдың жазынан бастап Бахытжан Байжанов шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш бере алады. Сонымен қатар, ол Қазақстанда жарияланған амнистияға ілінетінін жеткізді. Бірақ бұл Байжановтың қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылады дегенді білдірмейді.

Айта кетейік, 23 маусымда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 30 жылдығына орай амнистия жариялаған болатын. Бұл рақымшылық 15 мыңнан астам сотталған азаматқа қатысты қолданылмақ.



















скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті