Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев: «Жаңа Тұжырымдаманың қағидасы - өңіраралық айырмашылықтарды жою»

Қанат Бозымбаев: «Жаңа Тұжырымдаманың қағидасы - өңіраралық айырмашылықтарды жою»
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысынан кейін өткен журналисттермен брифингте вице-премьер Қанат Бозымбаевқа БАҚ өкілдері қойған өңірлерді инфрақұрылымдармен қамту туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұл мәселе біздің назарымызда. Бірінші кезекте инфрақұрылымға қол жеткізудегі өңіраралық айырмашылықтарды жою, экономикалық өсуді жеделдетуе және аумақтық әлеуетті тиімді іске асыру мақсатында Үкімет таяуда ғана Қазақстан Республикасын өңірлік дамытудың жаңа 2025-2030 жылдарға арналған Тұжырымдамасын бекітті. Ондағы негізгі қағида - адам игілігіне бағдарлану, тұтастық, инклюзивтік, сараланған тәсіл, дербестік, жауапкершілік. Өңірлердің жай-күйі мен даму перспективаларын кешенді бағалау, қалыптастыру және Тұжырымдаманың негізгі бір бағыты - халықты базалық инфрақұрылыммен біркелкі қамтамасыз ету. Осы бағыт шеңберінде әлеуметтік-инженерлік объектілерге қол жеткізудегі диспропорцияларды жоюға ерекше назар аударылып отыр. Артта қалған аймақтарға өңірлік стандарттар жүйесі арқылы келесі жылдан бастап қаржыландыруда басымдық берілетін болады. Бұл шалғай аудандардағы ауылдық жерлердің өмір сүру сапасын едәуір жақсартады. Бұл экономикалық саясаттың жаңа бастамасы. Мұндағы мәселелер бір жүйеге келтірілуде. Республикалық бюджеттен тек осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерге трансферттер жіберілетін болады», — деді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, қолжетімді интернет байланыс саласындағы Ұлттық жоба шеңберінде қамтамасыз етілетін болады. 3000-нан астам ауыл шыны-талшықты желіге қосылмақ. Жүз мың шақырымнан астам шыны-талшықты желі салынбақ. қырық мың шақырымнан астам автомобил жолдарының бойы да кең жолақты байланыс жабынымен қамтылмақ. Республикалық маңызы бар ірі қалалар мен облыс орталықтары 5G технологиясына қосылмақ. 1000-нан астам ауыл 3G-дан 4G мобильді технологиясына көшеді. Шалғайдағы 504 елді мекен интернет желісіне спутниктік жүйелер арқылы қосылмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті