Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов: «Газ саласына экономикалық негізделген тарифтік саясат қажет»

Олжас Бектенов: «Газ саласына экономикалық негізделген тарифтік саясат қажет»
Фото: primeminister.kz

Үкімет газ саласына инвестициялар тартуды ынталандыру және газдандыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің елді толық газдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет түрлі мүмкіндіктерді қарастыруда, оның ішінде өзіміздің газ ресурстарын пайдалану, сондай-ақ шектес мемлекеттерден газ импорттау шаралары да бар. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады. 

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру мақсатында «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін салуды жалғастыру жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру үшін қуаттылығы жылына 15 млрд текше метр болатын «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісін салу қарастырылып отыр. Бүгінгінде қуаттылығы жылына 10 млрд текше метрге дейін жететін, үш жаңа компрессорлық стансасы бар ұзындығы 1 450 шақырымдық газ құбырының желілік бөлігін салуды көздейтін бірінші кезең бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Аяқтау 2026 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар, Үкімет Солтүстік және шығыс аймақтар үшін көрші елдерден газ импорты бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізуде.

Олжас Бектенов газ саласын одан әрі дамыту теңдестірілген және экономикалық негізделген тарифтік саясатты қалыптастырып алмай  мүмкін емес екенін атап өтті.

«Біздің ішкі нарықтағы газ бағасы әлемдік нарықтан әлдеқайда арзан, сондықтан біз бірқалыпты, бұрмаланбаған жағдай туғызу мақсатында бағаны біртіндеп көтерілуін қадағалайтын боламыз. Сонда газ саласы инвестициялық тартымды болып, дамитын болады», — деп атап өтті Премьер-министр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады