Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда порнографилық материалдар таратумен айналысқан азаматша ұсталды

Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық бейнежазбалар таратқан азаматшаны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Инстаграм және Телеграмда порнографиялық материалдар жариялау фактісін анықтады. Бұл бейнежазбалар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тараған.


“Hi-tech” жедел-алдын алу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнежазбаның авторын анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ол бір топ адаммен бірге өзінің қатысуымен бейнежазбалар түсіріп, әлеуметтік желі арқылы сатып отырған. Әлеуметтік желіде бейнежазбалардың бағалары да жарияланған.


Мәселен, бес минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңге немесе 1200 ресей рубліне бағаланса, алдын ала тапсырыс бойынша бейнежазба 17 мың немесе 3 мың ресей рубліне бағаланған. Ал басты рөлдегі әртіспен интимдік кездесу құны 300 АҚШ долларына белгіленген.



– 27 қазан күні Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның заңға қайшы әрекеттеріне байланысты айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311-бабына (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның серіктестерін анықтау және іздеу бойынша кешенді іс-шаралар өткізуде, – деді Қарағанды облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты