Жс, 20 шілде 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан: орман шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді

Түркістан: орман шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелердің өзекті мәселелерін талдау бойынша кезекті мәжіліс өткізіп, Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк басшысының, Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесінің, Шардара ауданындағы «Орман және жануарлар әлемін қорғау» мекеме басшыларының есебін тыңдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парк басшысы Ақыл Әбдіқадыровтің ұсынған мәліметіне сәйкес, мекеме қарауында 119 949 га. жер бар. Оның 63 569 гектары орманды аймақ. Орман шаруашылығын дамыту үш бөлімше арқылы жүзеге асырылуда. Жалпы теңгерімдегі техника саны 50 болса, оның өрт сөндіруге арналған 2 көлігі жаңартуды қажет етеді. Жыл басынан бері 148 рет рейд ұйымдастырылып, нәтижесінде 104 заң бұзушылық анықталған. Мекеме басшысы қазіргі таңда парк техникасын толықтыру мен көшеттерді күтіп-баптау үшін арнайы құрылғылар алу қажеттілігі туындап отырғанын жеткізді.

Қазығұртта «Жасыл желек» мекемесі көшет өсіруді үш алқапта іске асыруда. 60 гектар тұқымбақ өткен жылы 950 мың көшет таратса, биылғы жылы көктемде бұл көрсеткіш 180 мыңды құраған. Жыл басынан бері су жүйесі реттеліп, игерілмей келген 14 гектар жер айналымға қосылған. Осы орайда, жұмыс күшін арттыру мәселесі көтеріліп, мекеме басшысы қосымша штат беруді сұранды. Сонымен қатар кеңсеге жаңа ғимарат салу жайын қозғады.

Шардара Орман және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің басшысы Дулат Сартбаевтың баяндауынша, теңгерімдегі тұқымбақтардан соңғы үш жылда Түркістандағы жасыл белдеуге, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарына 620 мыңнан астам көшет жөнелтілген. Тұқымбақ аумағының кеңейгенінен мұнда да жұмысшы саны жетіспеуде.

Нұрбол Тұрашбеков көшет өсіруде және аудандарға босату барысында оның жерсінуін басты назарға алу қажеттігін атап өтті. Аудан-қалаларға көшет ұсынуда ауа райы мен топырақ ерекшеліктері ескеріле бермейтініне тоқталды. Мәжіліс барысында мекемелердің кемшіліктері де талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға олқылықтарды жоюға мерзім белгіледі. Мәжіліс қорытындысымен Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына нақты тапсырмалар беріліп, жауаптылар бекітілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті