Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өнеркәсіпке инвестициялар: Астана өндірістік әлеуетін қалай арттырып жатыр

Өнеркәсіпке инвестициялар: Астана өндірістік әлеуетін қалай арттырып жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада өндірістік базаны кеңейтуге, жұмыспен қамтуды арттыруға және заманауи индустриялық инфрақұрылым құруға бағытталған өнеркәсіп секторының тұрақты дамуы жалғасуда. 2023 жылдан 2025 жылға дейін қала әкімдігі мен Астана даму орталығының қолдауымен осы салада бірқатар инвестициялық жоба іске асырылды.Осы уақыт аралығында тамақ өнеркәсібі, машина жасау және сервис саласында жаңа нысандар пайдалануға берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа өндірістік алаңдардың жалпы аумағы 5,1 гектарды құрады, 450-ден астам жұмыс орны ашылды, ал инвестициялар көлемі шамамен 5 миллиард теңгеге жетті. Жаңа кәсіпорындардың өндірістік қуаты жылына 5 000 тоннаға дейін тамақ өнімін өндіруге, күнделікті 25 тоннаға дейін нан-тоқаш өнімдерін шығаруға, жылына 50 техникалық кузовқа дейін қызмет көрсетуге және 350 бірлікке дейін машина жасау техникасын жинауға мүмкіндік береді.

Кеңес беруден бастап, жер телімін таңдауға және нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық кезең «бір терезе» қағидаты бойынша Астана даму орталығының сүйемелдеуімен өтті.

Мұндай тәсіл инвесторларға мемлекеттік құрылымдармен тиімді жұмыс істеуге, әкімшілік кедергілерді азайтуға және жобаларды жүзеге асыру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Алдағы бес жылда елордада қосымша 25 жаңа өнеркәсіп нысанын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл – инвесторлардың жоғары қызығушылығын және елорданың индустриялық өсім мен экономикалық даму нүктесі ретіндегі тартымдылығын айғақтайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті