Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Құлсарыда 7 жасар қыз өлі табылды

Құлсарыда 7 жасар қыз өлі табылды
Фото: бейнескриншот tengrinews.kz

Құлсарыда жоғалып кеткен 7 жасар қыз өлі табылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыз 5 маусымда жоғалып кеткен. Сағат 12:00 шамасында қыз үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Сағат 21:28-де оның ата-анасы полицияға хабарласқан.

Кейін қызды белгісіз ер адам алып кеткені белгілі болды. Бұл жағдай бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 6 маусымда түнгі сағат 02:19 шамасында баланың мәйіті Құрсай каналынан өмір белгілерінсіз табылды", – деп хабарлады полиция қызметі. 

Қылмыс жасады деген күдікпен Кұлсары қаласының 36 жастағы тұрғыны бірден ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, сот санкциясымен қамауға алу бұлтартпау шарасы тағайындалды.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

"Бала жоғалғаны туралы хабар түскен бойда барлық күштер жұмылдырылды. Өкінішке қарай, көп ұзамай жасөспірім баланың мәйіті табылды. Күдікті тез арада жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ол сот санкциясымен қамауға алынды. Марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Кінәлі ең қатаң жазасын алады. Тергеу барысын жеке бақылауыма алдым", - деді Атырау облыстық ПД бастығы Нұрқат Оразбаев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады