Биыл 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай елордада кең көлемді патриоттық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады. «Менің рәміздерім – менің мақтанышым!» атты акция аясында қала аумағындағы мемлекеттік органдарда, аумақтық департаменттерде, сот мекемелерінде, білім беру ұйымдарында және басқа да мекемелерде 500-ден астам патриоттық іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спикердің айтуынша, Рәміздер күні аясында ақпараттық сағаттар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, кітап көрмелері, концерттер, шығармашылық байқаулар, веложарыстар, патриоттық акциялар, челлендждер және басқа да тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар жоспарланған.Мемлекеттік рәміздерге күніне орай өткізілетін салтанатты шаралар:4 маусым күні Бәйтерек монументі алаңында өтетін «Менің байрағым!» атты мерекелік концерті жоспарланған.
Арнайы әзірленген 3 топ қаланың қоғамдық орындарында, көшелерде кездейсоқ тұрғындарға, мемлекеттік рәміздер жайлы викториналық сұрақтар қойылып, белсенді қатысқандарға сыйлықтар табыстайды.«Бәйтерек» монументі алаңында көпшілік жиналғанға дейін аспаптық топ әртүрлі музыкалық композицияларды орындайды, ұйымдастырушылар тұрғындарды және қонақтарды құттықтап, оларға жалау таратады. Мерекелік іс-шараның негізгі ерекшелігі болып жастар арасында танымал спидкубинг өнерінің шеберлері өз өнерлерін көрсетеді. Олардың жылдам әрі дәл қимылдарымен Рубик кубиктерінен Қазақстан туының бейнесі құрастырылады. Концерт басталар алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
Басқарма басшысының айтуынша, жазғы амфитеатрда Мемлекеттік рәміздер күніне арнап мектеп оқушылары мен балаларға арналған концерттік ойын-сауық бағдарламасы өтеді. «Туымыз төрімізде!» патриоттық акциясы аясында қала көшелеріндегі ғимараттар мен тұрғын үйлердің балкондарына 400-ден астам Мемлекеттік Ту ілінеді, ал орталық саябақтар мен қоғамдық орындарда 5000-ға жуық мемлекеттік жалауша тұрғындарға таратылады.
Сарайшық ауданында сағат 12.00-де Р. Қошқарбаев даңғылы, 34 мекенжайында орналасқан «Түркістан» тұрғын үй кешенінің жаңартылған ауласының салтанатты ашылуы өтеді. Мерекелік шараның ерекше атмосферасын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Орталық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі өнер көрсетіп, жандандырады. Сондай-ақ, іс-шара аясында «Терезедегі Ту» атты патриоттық акция өтеді. Аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары өз пәтерлерінің терезелеріне Мемлекеттік туды іліп, Отанға деген сүйіспеншіліктері мен азаматтық ұстанымдарын білдіре алады.
Мерекеге орай спорттық жиындар да, жастарға арналған іс-шаралар да ұйымдастырылады.Мереке күндері М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Еліңнің рәміздерін білесің бе?» атты патриоттық куиз және «Бірлік туының астындағы жас Қазақстан дауысы!» атты мектеп көшбасшыларының манифесі өтеді.4 маусымда «Көк тудың желбірегені» атты лекция-концертте Мемлекеттік Ту туралы музыкалық қойылымдар ұсынылады.Сонымен қатар, «Тарихтан туған рәміздер» бейне-викторинасы, Тұңғыш Президент кітапханасына және Тәуелсіздік монументіне экскурсиялар өтеді.4 маусымда Жазғы лагерьлерде «Қазақстан – алтын бесігім» атты патриоттық әндер сайысы ұйымдастырылады.