Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Қазақстан-Италия бизнес-форумына қатысты: екіжақты сауда көлемі $20 млрд-қа жетті

Олжас Бектенов Қазақстан-Италия бизнес-форумына қатысты: екіжақты сауда көлемі $20 млрд-қа жетті
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов сауда және логистика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі Қазақстан-Италия бизнес-форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр өзінің алғы сөзінде бизнес-форумның Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтудегі маңызды рөлін атап өтті. Екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік Қазақстан-Италия мемлекеттері басшыларының күш-жігері арқасында қарқынды дамып келеді. Энергетика, машина жасау, химия өнеркәсібі, фармацевтика, АӨК және басқа да салаларда табысты ынтымақтастық орнады.

Өткен жылы екіжақты сауда көлемі 25%-ға артып, $20 млрд-қа жуықтады, оның ішінде отандық тауарлар экспорты $18 млрд-тан асты. Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша тауар айналымы $4,4 млрд-ты құрады. Сондай-ақ Италия Еуропалық Одақ елдері арасында Қазақстанның ең ірі инвесторларының бестігіне кіреді. Небәрі 20 жыл ішінде Қазақстан экономикасына мұнай-газ саласы, «жасыл» энергетика, машина жасау және АӨК саласындағы жобаларды жүзеге асыруға $7,6 млрд италиялық инвестициялар салынды.

Қазақстан жаһандық нарықтағы өз позициясын нығайту үшін көліктік-логистика инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салуда. Осыған байланысты жеткізілім тізбегінің тұрақтылығы мен әртараптандырылуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан-Италия ынтымақтастығының әлеуеті атап өтілді. Қосылған құны жоғары технологиялық өндірістер құруға баса назар аудара отырып, еліміздің экономикасын трансформациялауға ерекше көңіл бөлінді. Премьер-министр Үкімет италиялық инвесторларға бірлескен жобаларды жүзеге асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін баса айтты.

«Қазақстан Үкіметі еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Біздің заңнамада инвесторлар үшін салықтық және кедендік жеңілдіктерді, заттай гранттар мен инфрақұрылымды дамытуды қолдауды қоса алғанда, ынталандырулар қарастырылған. Сонымен қатар біз ұзақмерзімді серіктестікті қамтамасыз ету үшін инвесторлардың пікірлері негізінде қолдау шараларын үнемі жетілдіруге тырысамыз. Италиялық бизнестің Қазақстандағы қатысуын кеңейтуге және экономиканың басым секторларындағы бірлескен жобаларға белсенді қатысуға шақырамыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Форумға Италия тарапынан қаржы комиссиясының төрағасы депутат Марко Оснато, «Италияда жасалған» кәсіпорындар және өнімдер істері жөніндегі вице-министрі Валентино Валентини, Италияның Еуропалық Одақ саясаты жөніндегі комиссия төрағасы, сенатор Джулио Терци ди Сант'Агата, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риу және тағы басқа да өкілдер сөз сөйледі.

Бизнес-форум қорытындысы бойынша экономиканың түрлі салаларындағы кооперация туралы бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі