Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдік азамат анықталды

Өскеменде заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдік азамат анықталды
Фото: Polisia.kz

Өскеменде заңсыз такси қызметін көрсеткен шетелдік азамат анықталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Шығыс Қазақстан облысының орталығында полицейлер шетелдік азаматтың заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғанын анықтады. Құжаттарды тексеру барысында аталған азаматтың мобильді қосымша арқылы ресми рұқсатсыз жолаушылар тасымалдаумен айналысқаны белгілі болды. Тергеу нәтижесінде көрші мемлекеттен келген жүргізушінің Қазақстан Республикасының аумағына заңды негізде кіргені, алайда еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті рұқсатсыз жеке көлігімен такси қызметін көрсеткені анықталды. Бұл әрекеті көші-қон және еңбек заңнамасының талаптарына қайшы келеді. Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушы тиісті жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істеген 30-дан астам шетелдік азамат анықталып, сот шешімімен олардың әрқайсысына 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар шетелдіктерді заңсыз еңбекке тартқан жұмыс берушілерге де 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. ШҚО полиция департаменті азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауға және рұқсат құжаттарынсыз еңбек қызметімен айналыспауға шақырады. Заң талаптарын елемеу – әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді