Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Білімім – Отаныма»: Астана мектептерінде бірыңғай сынып сағаты өтті

«Білімім – Отаныма»: Астана мектептерінде бірыңғай сынып сағаты өтті
Фото: kazlenta.kz

Бүгін Астана қаласындағы барлық мектептерде «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz

Іс-шара аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мектеп оқушыларын 2024–2025 оқу жылын табысты аяқтауларымен құттықтады. Ол өз сөзінде еліміздегі білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар мен жетістіктерге тоқталды. Министр барлық ата-аналарға көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтып, 217 мың мектеп бітіруші мен 173 мың колледж түлегіне жарқын болашақ тіледі.

«Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде бір жыл ішінде рекордтық көрсеткіш – 257 жаңа мектеп ашылды. Оқушыларымыз халықаралық білім додаларында 362 медаль иеленіп, оның 41-і – алтын медаль. Ел тарихында алғаш рет колледж студенттерінен құралған Қазақстанның Ұлттық құрамасы Францияда өткен 47-ші WorldSkills чемпионатында зор табысқа жетіп, 7 медаль иеленді. Мұның барлығы – отандық білім беру жүйесіндегі жүйелі реформалар мен қажырлы еңбектің нақты жемісі», – деді министр.

Астанадағы №102 орта мектеп - «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өткен жылы пайдалануға берілген. Білім ордасында оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағаттары барысында оқушылар "Таза Қазақстан", "Заң және тәртіп", "Адал азамат" бағыттары бойынша эссе жазып, өз ойларымен бөлісті.

«Бүгін мектебімізде «Білімім – Отаныма!» атты Республикалық бірыңғай сынып сағаттары өз деңгейінде өткізілді. Сынып сағатында үздік эссе жұмыстары марапатталып,  әр сыныптың жас ерекшеліктеріне сай бағдарламамен өткізілді. Сондай-ақ, демалыста оқуға ұсынылатын кітаптар мен көруге болатын фильмдер тізімдері ұсынылып, қауіпсіздік шаралары, алдын ала жоспарланып ұйымдастырылған демалыстың артықшылықтары, қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігі, еңбек етудің пайдасы, ата-анаға, ата-әжелеріне көмектесудің қажеттілігі айтылды », – деді №102 орта мектебінің директоры Эльмира Сұлтанова. 

2024–2025 оқу жылында Астана мектептерінде барлығы 288 531 оқушы білім алды. Биыл елорда мектептерін 11-сынып бойынша – 14 274 түлек, 9-сынып бойынша – 24 479 оқушы аяқтайды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда үш ауысымды мектептердің саны үш есеге қысқарған. Мыңдаған ауыл мектебі жаңғыртудан өтіп, қолданыстағы мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 1700-ге жуық мектепте робототехника, химия, биология, физика және STEM-пәндер бойынша заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау жұмыстары аяқталған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жыл ішінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда. Оның жартысынан көбі ауылдық жерлерде орналасқан.

Жаз мезгілінде 3,2 миллион оқушыны сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтудың түрлі бағдарламаларымен қамту көзделіп отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі