Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада пробация қызметі бақылаудағы азаматтарды мекенжайы бойынша тексерді

Қызылордада пробация қызметі бақылаудағы азаматтарды мекенжайы бойынша тексерді
Фото: Polisia.kz

Қызылордада пробация қызметі бақылаудағы азаматтарды мекенжайы бойынша тексерді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің бақылауындағы сотталған азаматтарды мекенжайы бойынша тексеру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осындай іс-шаралардың бірі жақында Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығының заңгерімен бірлесіп өткізілді. Шараның басты мақсаты – есептегі азаматтардың тұрмыс жағдайымен танысып, оларға құқықтық кеңес беру, қолдау көрсету және қайта қылмыс жасаудың алдын алу. Қалалық пробация қызметінің инспекторы Ержан Ақбардың мәлімдеуінше, қазіргі таңда оның бақылауында 35 азамат есепте тұр.

– Әрқайсысымен жеке әңгімелесіп, жасаған әрекеттерінің салдарын түсіндіруге тырысамыз. Қоғамға бейімделу жолында жан-жақты қолдау көрсету – басты міндетіміз, – дейді инспектор. 

Тексеру барысында есептегі жас азаматтардың бірі өз ойын ашық білдіріп, жасаған қылмысы үшін өкінетінін жеткізді. Оның айтуынша, досымен бірге ұялы телефонды тонау қылмысын жасаған. Жасы небәрі 21-де. Сот үкімімен оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылауға алынған.

– Жасаған ісіме қатты өкінемін. Қайта қылмыс жасау ойымда жоқ. Қазір мемлекеттен тиісті көмек алып жатырмын. Жұмысқа орналастым. Болашақта отбасылы болып, өмірімді дұрыс арнаға бұрғым келеді, – дейді жас сотталған.

Қазіргі таңда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде мыңға жуық адам тіркеуде тұр. Қызметкерлердің жүйелі түрде жүргізіп жатқан түсіндіру және қолдау шараларының арқасында көптеген азаматтар өз қателіктерінен сабақ алып, қоғамға қайта бейімделіп, жаңа өмірге қадам басып келеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты