БҚО бойынша ҚАЖД-ға қарасты пробация қызметі сот жүктеген міндеттерді орындамаған азаматтарды анықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде 2025 жылды қылмыстардың алдын алуға бағыттау жөнінде тапсырма берілді. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №1 Теректі аудандық пробация қызметі Теректі ауданы прокуратурасының қолдауымен және аудандық полиция бөлімінің жәрдемімен "Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында арнайы мобильді топ құрды. Бұл топтың басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған және полиция бөлімінің профилактикалық бақылауындағы азаматтарды тексеру. 2025 жылдың 12 ақпанында мобильді топ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға тартылған тұлғаларды бақылап, олардың түзелу жолындағы әрекеттерін саралады. Тексеру барысында бір адамның сот жүктеген міндеттемелерін орындамағаны анықталды, ал үш азаматтың құқық бұзушылыққа бейімділігі байқалды. Аталған тұлғалармен қайта әлеуметтендіру бағытында қажетті жұмыстар жүргізілмек. Егер олардың мінез-құлқынан оң өзгерістер байқалмаса, сот үкімімен тағайындалған жазаны қамауға ауыстыру мәселесі қаралады.14-02-2025, 16:54
БҚО-да пробация қызметі сот жүктеген міндеттерді орындамаған азаматтарды анықтады

Фото: Polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз