Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мас күйінде көлік жүргізген павлодарлық ұсталды

Мас күйінде көлік жүргізген павлодарлық ұсталды
Фото: Polisia.kz

Мас күйінде рөлге отырған павлодарлық тұрғын жол қозғалысы қауіпсіздігіне бейжай қарады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік – жүргізуші мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауына тікелей байланысты. Алайда көлік құралын мас күйінде басқару сынды өрескел құқық бұзушылықтар әлі де кездесуде. Бұл – тек заң бұзушылық қана емес, адам өміріне төнген үлкен қауіп. Мұндай сорақы жағдайлардың бірі жуырда Павлодар облысында тіркелді. Шарбақты ауданына қарасты Жаңаауыл ауылы маңында полиция қызметкерлері ВАЗ-21099  автокөлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісімен әңгіме барысында оның мас күйде екені аңғарылды. Медициналық куәландыру жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкенін растады. Бұдан бөлек, тексеру барысында ер адамның бұған дейін өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Құқық бұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылып, оқиға бойынша тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл оқиға – мас күйінде көлік жүргізудің тек жүргізушінің емес, айналасындағылардың да өміріне қатер төндіретінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Полиция өкілдері тұрғындарға көлікке мас күйінде отыруға жол бермеу – әр азаматтың азаматтық парызы екенін ескертеді. Өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне жауапкершілікпен қарау қажет. Құқық қорғау органдары аймақ тұрғындарын мұндай фактілерге немқұрайды қарамауға шақырады. Егер сіз мас күйінде көлік жүргізіп жатқан адамды байқасаңыз, бірден "102' нөміріне немесе "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауыңызға болады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты