Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мас күйінде көлік басқарған павлодарлық 20 тәулікке қамауға алынды

Мас күйінде көлік басқарған павлодарлық 20 тәулікке қамауға алынды
Фото: Polisia.kz

Мас күйінде көлік басқарған павлодарлық 20 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауына тікелей байланысты. Көлік құралын мас күйінде басқару – жол ережесін өрескел бұзу ғана емес, адам өміріне төнген үлкен қауіп. Өкінішке орай, кейбір жүргізушілер мұндай әрекеттің қайғылы салдары туралы ойланбай, өздерімен қатар басқаларды да қатерге тігіп жатады.

Павлодар ауданының Набережное ауылында тіркелген оқиға соның айқын дәлелі. Полиция қызметкерлері Renault 19 автокөлігін тоқтатқан кезде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі сезілген. Тексеру нәтижесінде оның мас күйінде екені расталды. Бұдан бөлек, ер адамның жүргізуші куәлігі де болмағаны анықталды – ол ешқашан жүргізуші куәлігін алмаған. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері тұрғындарға мас жүргізушіні тоқтату әр адамның азаматтық борышы екенін еске салады. Қауіптің алдын алу үшін туыстарыңыз бен таныстарыңызды көлікке мас күйінде отырғызбау – өмірлерді аман алып қалуы мүмкін. Сондай-ақ мас жүргізушіні байқаған жағдайда, бұл туралы дереу полицияға хабарлау қажет.

Биылғы жылы Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізудің 1500-ден астам дерегі анықталған. Бұл алаңдатарлық көрсеткіш. Мұндай құқық бұзушылық туралы ақпаратты 102 нөміріне немесе «Police 102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болады.

Аймақ тұрғындарына ескерту: мас күйінде рөлге отыру – тек өз өміріңізге ғана емес, жолдағы өзге қатысушылардың өміріне де қауіп төндіретін ауыр қателік екенін ұмытпаңыз. Қауіпсіздік – ортақ міндет.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты