Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жүргізуші куәлігінен айырылған павлодарлық қыз көлік басқарған жерінен ұсталды

Жүргізуші куәлігінен айырылған павлодарлық қыз көлік басқарған жерінен ұсталды
Фото: Polisia.kz

Жүргізуші куәлігінен айырылған павлодарлық қыз көлік басқарған жерінен ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Автокөлік апаттарының көбеюі көбінесе жол жүру ережелерін сақтамаумен қатар, мас күйінде көлік жүргізуден туындайды. Бұл құқық бұзушылықтар көбінесе қайғылы жағдайларға әкеліп, көптеген адамдардың өмірін қиып кетеді.

- Павлодар қаласында Абай көшесіндегі үйлердің біріне қарама-қарсы жерде полиция қызметкерлері BMW-320 автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында полиция қызметкерлері жүргізушінің мас күйінде екендігін сезді. Ол медициналық куәландыру нәтижесімен расталды. Әйелдің мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Полиция дерекқорын тексеру барысында оның 2024 жылдың қыркүйегінде жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта әйелге қатысты тексеру жүргізілуде, ал көлік мамандандырылған тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысының полиция департаменті. Әрбір адам өз жақындары мен таныстарын ойлап, көлік құралын мас күйінде жүргізуге жол бермей, бұл әрекетті тоқтату үшін күш салуы тиіс. 

Сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізіп жүрген адам туралы полицияға хабарлау қажет. Мас жүргізушілердің көлік жүргізуі қауіпті болғандықтан, бұл мәселеге бей-жай қарамай, ішімдікке қарсы күреске қосылуымыз керек. Мас күйінде көлік жүргізушілер туралы ақпаратты полицияға "102" нөмірі арқылы жеткізуге болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді