Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

CҚО ПД бастығы айтулы турнирден жеңіспен оралған арнайы жасақ офицерлерін құттықтады

CҚО ПД бастығы айтулы турнирден жеңіспен оралған арнайы жасақ офицерлерін құттықтады
Фото: Polisia.kz

CҚО ПД бастығы айтулы турнирден жеңіспен оралған арнайы жасақ офицерлерін құттықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

СҚО полиция департаментінде жазғы нысанды киімге ауысуға байланысты облыстық және қалалық полиция жеке құрамының саптық байқауы өтті. ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов қызметкерлердің жазғы уақытта қызмет өткеруге дайындықтарын тексерді. Саптық байқау барысында әріптестері алдында "пистолет & карабин" бөлігінде Б.Керімбаев атындағы "Қара майор" практикалық атудан жетінші республикалық турнирден алтын жүлдемен оралған жылдам қимылдайтын арнайы жасақ офицерлеріне құрмет көрсетілді. Абай облысының Семей қаласында ұйымдастырылған турнир Қазақстанның таңдаулы арнайы бөліністерінен келген 85 үздік қызметкердің басын қосты. Тірескен күресте солтүстікқазақстандықтар жалпыкомандалық 1-орынды және командалық дуэльді атыстан 3-орынды иеленді. Сонымен қатар полиция қызметкері Фархат Омаров жекелей сынақта 3-орынды қанжығасына байлады. Саптық байқау соңында қызметкерлер оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты маршпен өтіп, қызмет атқару орындарына аттанды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады