Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматылықтар «Көктөбе» саябағындағы жаңа соқпаққа оң баға берді

Алматылықтар «Көктөбе» саябағындағы жаңа соқпаққа оң баға берді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы тұрғындары мен қонақтары «Көктөбе» саябағындағы жаңа жаяу жүргіншілер соқпағын жоғары бағалады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл жерге жаяу жету қауіпті болатын, себебі жолдың бойымен жүруге тура келетін. Енді ұзындығы 1,2 шақырым болатын «денсаулық соқпағы» салынған соң бұл мәселе шешілді.
Маршрут жарықтандыру, бейнебақылау, орындықтар және қоқыс жәшіктерімен жабдықталған. Сондай-ақ, тау көрінісін тамашалауға арналған шолу алаңдары қарастырылған, оларды көркейту жұмыстары 1 мамырға дейін аяқталады.Алматының басты көрікті жерінің бірі «Көктөбе» саябағына жыл сайын 600 мыңнан астам адам келеді. Саябаққа 1620 метрлік аспалы жол арқылы да жетуге болады, онда 17 кабина қатынайды. Жол жүруге 6 минут керек, осы уақытта жолаушылар жол-жөнекей көркі көз тартатын әсем көріністі көре алады.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты