Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында жаңа әуежай құрылысы жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында жаңа әуежай құрылысы жүріп жатыр
Фото: primeminister.kz

Аталған жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Катон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілуде. Нысандағы құрылыс жұмысының барысын көлік министрі Марат Қарабаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тексерді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатонқарағай ауданындағы әуежай Белқарағай ауылы маңындағы 266 гектар жерде орналасады. Әуежай аймақтың климаттық және географиялық жағдайын ескере отырып салынуда. Жоба аясында алдағы уақытта кеңейту мүмкіндігі бар 2,2 мың метрлік ұшу-қону жолағы қарастырылды. Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да ұқсас типтегі заманауи әуе кемелерін қабылдау көзделген. Сонымен қатар жоба аясында толыққанды инфрақұрылым құру: 4 әуе кемесіне арналған перрон, 4 мың шаршы метрлік заманауи аэровокзал, командалық-диспетчерлік пункт, апаттық-құтқару қызметі, метеостанса және радионавигациялық жабдықтар қарастырылған. Әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 150 жолаушыны құрайды, бұл аймақ үшін оңтайлы әрі орнықты әуе қатынасы үшін тұрақты негіз болмақ.

«Қазірдің өзінде Қатонқарағайға жылына 100 мыңға жуық турист келеді. Алдағы бес жылда бұл көрсеткіш 250 мың адамға дейін артады деп күтілуде. Бұл бағыт қазақстандық және шетелдік қонақтар арасында сұранысқа ие. Нысан қолданысқа тапсырылған соң Катон-Қарағайдан Астанаға, Алматыға және Өскеменге, сондай-ақ Алтай мен Қанасқа (ҚХР), Баян-Өлгейге (Моңғолия) дейін қатынайтын халықаралық рейстер ашылады. Көлік министрлігі жұмыстың орындалу мерзімі мен сапасын жіті бақылайды», — деп атап өтті көлік министрі Марат Қарабаев.

Шығыс Қазақстан облысында туризм саласын одан әрі дамыту үшін Көлік министрлігі туристік нысандарға апаратын барлық жолдарды жөндейді.

«Биыл Қалбатау – Майқапшағай тас жолының құрылысы аяқталады. Алтай мен Қатонқарағай елді мекендері арасындағы, одан әрі Рахман қайнарына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Марқакөл көліне дейін көлік қозғалысын қамтамасыз ету үшін биылдан бастап Теректі – Ұрынхай жолын жөндеу, сонымен қатар жалпы ұзындығы 120 шақырымды құрайтын Аустрия жолындағы көпірлер мен құбырларды жөндеу жоспарланған. Бұдан бөлек, Абай облысы бағытына қарай Семей қаласына дейін, сондай-ақ Риддер және Шемонаиха қалаларына дейін жолдар жөнделіп жатыр, бұл қосымша туристер ағынын қамтамасыз етеді», — деді көлік министрі Марат Қарабаев.


«Бұл ауқымды жоба өңір үшін үлкен серпіліс болып, экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Әуежайлардың құрылысы туризмнің дамуына, көлік-логистика инфрақұрылымының нығаюына және шетелдік инвестиция тартуға қуатты серпін береді. Жаңа кәсіпорындар ашылып, қосымша жұмыс орындары құрылып, салық түсімдері артады деп күтілуде. Нәтижесінде, өңірде халық табысының өсуіне, тұрмыс сапасының жақсаруына және облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің одан әрі нығаюына ықпал ететін айтарлықтай мультипликативті әсер болады», — деп атап өтті өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты