Жм, 09 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Катонқарағайда әуежай қашан салынады

Катонқарағайда әуежай қашан салынады
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында салынатын әуежайдың құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Алайда әзірге әуежай салуға қанша қаражат жұмсалатыны белгісіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Катонқарағай мен Кендірліге әуе қатынасын реттеуді тапсырған болатын.

«Балқаш және Алакөл демалыс аймақтарындағы ұшу-қону жолақтары толық жаңғыртылды. Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет. Осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек. Өнеркәсіпті дамыту қорының есебінен кіші авиация ұшақтарын алған жөн», — деді Президент.  

Осы ретте Шығыс Қазақстандағы табиғаттың тамашасын бойына сіңірген Катонқарағай жеріне салынатын әуежай жайлы толығырақ мағлұмат алу үшін ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сауалхат жолдап көрдік.

«Бүгінгі таңда әуежай құрылысына алдын ала Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандары шекаралары маңында орналасқан Солдатово елді мекеніне жақын жер учаскесі таңдалып отыр. Осы учаскеде әуежай салу есебінен жақын маңдағы аудандардың елді мекендерін әуе қатынасымен қамту жоспарланған. Құрылыс шеңберінде ұзындығы кемінде 2200 метр, ені кемінде 35 метр жасанды ұшу-қону жолағы жайластырылады. Әуе айлағының бұл параметрлері Fokker 50, Bombardier CRJ-200, Bombardier Q400, Embraer EMB 120ER және басқа да ұқсас типтегі әуе кемелерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді», — деп жауап берді басқарма басшысының орынбасары Қуаныш Акрамов.

Әуежайды жобалау және салу жөніндегі жұмыстарды «Қазаэронавигация» РМК қаражаты есебінен жүргізілмек. 

«Іске асыру мерзімі — 18 ай. Нақты айтқанда, жобалау — 2024 жылдың соңына дейін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау — 2025 жылдың соңына дейін. Әуежай салуға жұмсалатын қаражаттың жалпы мөлшері жобалық-сметалық құжаттамаға „Мемсараптама“ РМК оң қорытындысын алғаннан кейін айқындалатын болады», — дейді Қуаныш Акрамов.

Айта кетейік, Қатонқарағай ауданына елдің әр түкпірінен ғана емес, шет мемлекеттерден де туристер келеді. Әсіресе осындағы ұлттық табиғи паркті көргісі келетіндер көп. Жыл сайын паркке 10 мыңға жуық турист табан тірейді.  

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді