Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да жылқы ұрлаған тұрғын сотталды

СҚО-да жылқы ұрлаған тұрғын сотталды
Фото: Polisia.kz

Полиция департаменті өткен жылдың желтоқсан айында М.Жұмабаев ауданының 48 жастағы тұрғынының ұсталғаны туралы хабарлады. Ол орман ішінен жеркепе қазып, сонда жасырынған. Полицейлер ұрланған жылқының ізімен жүріп отырып, ер адамды орман ішінде жануардың етін мүшелеп жатқан жерінде ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Асан Мейрамовтың айтуынша, қылмыскер бұрын екі пәтер ұрлығы үшін сотталған. Бір жағдайда бос тұрған үйден приставкасы бар спутниктік антеннаны, кілемдер мен төсеніштерді алып кеткен. Антеннаны екі бөтелке араққа сатқан, қалғанын өткізе алмаған соң лақтырып жіберген. Екінші үйден азық-түлік, телефон мен планшетті ұрлаған. Телефонды сата алмаған соң өзіне қалдырып, ал планшетті жоғалтқан.

Кейін ол бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға кесілген соң, пробация қызметінде тіркелмеген. Тіпті бұған дейінгі тонаған үйге қайтадан кірген. Қажетті көлемдегі азық-түлікті алып кетіп, Булаево-Молодогвардейское автожолының маңындағы қалың орманда жеркепе қазып алған. Жайлы болу үшін ішіне пеш те салып үлгерген. Бұнысымен қоймай, ауылдардың біріндегі өзі жұмыс істеген үйге баруды ойластырған. Үй маңын, тіршілікті жақсы білетін қылмыскер үйретілген айғырды, ер-тоқым, жүген мен пиманы алып кеткен.

Полиция полковнигі Мейрамов атап өткендей, бұл уақытта аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қылмыскердің кім екенін түсінген. Тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдары сотқа жіберілді, сот ер адамды кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты