8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінде шаруашылық жасағындағы сотталған әйелдерге арналған ерекше мереке ұйымдастырылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мереке күні сотталған әйелдер өз өнерлерін ортаға салып, мекеменің тәрбие бөліміндегі қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Салтанатты жиында мекеме жасақ бастығы М. Ибраимолдаев құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар мереке барысында мекемедегі мәдени-тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысқан қыз-келіншектер мекеме бастығының марапатына ие болды. Мереке соңында сотталғандардың күшімен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.