Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде бірінші сынып оқушысының өлімі туралы нұсқа тексеріліп жатыр

Ақтөбеде бірінші сынып оқушысының өлімі туралы нұсқа тексеріліп жатыр
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Бірінші сынып оқушысының жүрегі қаңғыбас итті көргеннен кейін тоқтап қалған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 28 ақпанда болған. 2017 жылы туған бала мектепке бару үшін үйден шығып, анасы үйдің есігін жауып келгенше күтіп тұрған. Осы кезде көшеде жүрген қаңғыбас ит оған жүгіріп келгені белгілі болды. Бала одан қатты қорыққан болуы мүмкін.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 2017 жылы туған бала есінен танып, содан кейін оның жүрегі тоқтап қалған. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.

"Анасы сол сәтте есікті жауып, құлыптап жатқан. Бала оны сыртта күтіп тұрған. Осы уақытта ит жүгіріп келіп, бала қорқып, есінен танып қалған. Кейін дәрігерлер оның жүрегі тоқтап қайтыс болғанын растады", - деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Әлиби Латып.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

"28 ақпанда сағат 07:30 шамасында Ақтөбедегі Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды", - ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облысы әкімдігі оқиғаға байланысты брифинг өткізуді жоспарлап отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті